Университет пен «Шанырақ» ЕО арасында ынтымастық туралы меморандум жасалуы бойынша, сондай-ақ тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің жоспары бойынша көшбасшылар белсенділері мен студенттік өзін-өзі басқару органдарына арналған «Шанырақ» ЕО мүшелерімен бірлесіп университет қабырғасында «Көшбасшылық негіздері » семинар-тренингі өткізілді.
«Шанырақ» еріктілер орталығынан Көпжасаров Бауыржан және Жақсылық Айкын сөйледі.
Семинар – тренинг іс шараға қатысушылардың көшбасшылық дағдыларын дамытуға, команданы басқару және қойылған мақсаттарға жету үшін бағыталған.
Тренинг келесі тақырыптарды қамтыды: Көшбасшының рөлін анықтау; коммуникативті дағдыларды дамыту; мотивация және команданы басқару; өзгерістерді басқару; стратегиялық ойлауды дамыту; қақтығыстармен жұмыс; эмоционалды интеллект; компания мәдениетін дамыту және интроспекция (қатысушылардың көшбасшылық қабілеттері мен дағдыларды пысықтау және талдау мүмкіндігі).
Көшбасшылық тренинг барысында қатысушылар алған білімдері мен дағдыларын нығайтуға көмектесетін практикалық жаттығулар, рөлдік ойындар және пікірталас алаңдарын өткізді. Сонымен қатар қатысушыларға өздерінің көшбасшылық қасиеттерін ашуға және жеке даму жоспарын құруға мүмкіндік берді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Просмотров: 304