БАҒДАР БЕРУ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА КАРИУ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН МҰРАЖАЙЛАРҒА ЭКСКУРСИЯ

 

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Қарағанды индустриялық университетінің үш факультетінің 1 курс студенттері, «Бірінші курс» апталығы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында болып,  онда олар алты көрме залымен танысты: «Тәуелсіз Қазақстан», «Өз заманының перзенті», «Тұлға құбылыстары», «Қазақстанның болат келбеті», «Уақыт ағымында» және «Қазақстан жолы» және сонымен бірге Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде де болды.

Қаламыздың барлық мұражайлары Теміртау қаласының өмірі, қазіргі және ежелгі Қазақстан және тарихтағы маңызды оқиғалар туралы көп білуге мүмкіндік беретін «Мен көрдім, тыңдадым, өзім байқадым» қағидасы бойынша жұмыс істейтін заманауи технологиялармен және интерактивті аймақтармен жабдықталған. Өйткені, маңызды құжаттар, ескі фотосуреттер, құрастырылған фабрикалар, зауыттардың шағын үлгілері және ұсынылған тағы басқа жәдігерлер  бүгінгі жастардың қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, университетіміздің 1 курс студенттері оқуға Қазақстанның барлық дерлік аймақтарынан келген, сондықтан «Бірінші курс» апталығы аясындағы іс-шаралар бірінші кезекте Теміртау қаласымен танысуға бағытталған.

Студенттердің  мұражайларға баруы да тақырыптық  экскурсиялар мен мәдени мұра нысандарына бару арқылы студенттер арасындағы патриоттық тәрбие деңгейін көтеруге арналған іс-шаралар университеттің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.


Просмотров: 334