Құрметті Қарағанды индустриялық университетінің студенттері!
Жалпы білім беру пәндері кафедрасы 5 қыркүйекте атап өтілетін Қазақстан халқы тілдері күніне орай (қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде) өлеңді мәнерлеп оқу конкурсын жариялайды.
Конкурс шарттары:
сіз айтып отырған өлең патриотизм, тілге деген сүйіспеншілік, Отанға деген сүйіспеншілік және т. б. тақырыбында болуы керек
бейнеролик 1 минуттан аспауы керек
бейнероликті сіз өзіңіздің Instagram парақшаңызға салып астына- аты-жөніңіз, топтың аталуы, өлеңнің аты және өлең авторын көрсете жариялаңыз.
@Kariu_kz1 Instagram парақшасын белгілеп және #КарИУконкурсденьязыков хэштегін белгілеңіз
ұлттық костюмдер мен музыкалық сүйемелдеуді қолдануға болады
Міндетті түрде парақшаңыз ашық болу керек
Үздік бейнелер университеттен бағалы сыйлықтар алады.
Байқау қорытындысы 6 қыркүйекте шығарылады
