ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАРИХИ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНДА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

 

21.09.2023 ж. ҚР-ның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасын іске асыру аясында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы базасында Қарағанды индустриалды университетінің комплаенс-офицері, университет жанындағы техникалық-экономикалық колледждің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары және «Адал ұрпақ» клубының басшысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында оқыту семинары өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін қабылдамау қағидаттарын қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басты міндеттерінің бірі. Семинар спикерлері – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының спикері, «Samruk Business Academy» профессоры, Халықаралық құзыреттер академиясының директоры психология ғылымдарының докторы, академик Асылбекова Лейла Өмірзаққызы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының спикері, Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ағартушылық пул спикері Тоқатов Руслан Алтайұлы; Тлеубердинов Аркадий Набиевич – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы филиалының спикері.


Просмотров: 223