ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

 

05 қыркүйекте Теміртау қаласының Достық үйінде оқу жылына арналған жоспарларды талқылауға және тәрбие жұмысына қатысты басқа да мәселелерге арналған жиын өтті. Іс-шараға колледждер мен университеттің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ және «Теміртау қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ басшылары қатысты.

Жиын барысында алдағы оқу жылына арналған тәрбие жұмысының негізгі міндеттері, мақсаттары мен жоспарлары талқыланды. Теміртау қаласының жастар ортасының белсенділігі мен дамуын қолдау бойынша басымдықтар белгіленді, іс-шаралар мен жобалар жоспарланды.

Бұл іс-шара қатысушыларға пікір, тәжірибе, сондай-ақ оқу жылына алдағы іс-шараларды жоспарлауға мүмкіндік берді.


Просмотров: 260