Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау аясында ҚарИУ кураторлық сағаттар топтамасы жалғасуда.
Іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мақсаттары мен бағыттарын таныстыруға және түсіндіруге бағытталған, бұл студенттер арасында Президент Жолдауында айтылған барлық негізгі мәселелер туралы ақпараттандыруды кеңейтуге көмектеседі.
Қазақстанның экономикалық дамуына басты назар аударылады. Іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру – экономикалық қызметтің жаңа бағыттарын ашуға бағытталған экономикалық дамудың жаңа кезеңі болатынын атап өтті. Талқылау барысында студенттеріміз Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді.
Кураторлық сағат 2023 жылдың 6 қазанына дейін жалғасады.
Просмотров: 391