ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ «QS-ASIA UNIVERSITY RANKINGS: 2024 ЖЕТЕКШІ РЕЙТИНГІНЕ КІРУІ ТУРАЛЫ

 

Жақында Азияның үздік университеттерінің рейтингі жарияланды: «QS-Asia University Rankings: 2024». Қарағанды индустриялық университеті өз тарихында алғаш рет осы рейтингте орын алып, университетте жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейі мен мамандарды даярлау сапасын халықаралық деңгейде танытуға қол жеткізді. Мұндай жетістік университет қызметін халықаралық сарапшылардың бағалау үдерісінде 11 параметр бойынша қатаң талаптарға сай келген жағдайда ғана мүмкін болады. Мысалы, Азия континентінің 25 елінің 7,5 мыңнан астам университетінен: Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Қазақстан, Өзбекстан және т.б. бұл рейтингке тек 856 университет ғана ене алды. Біздің университет барлық Азия университеттері арасында 601-650 қатарынан лайықты орын алды.

Орталық Азия деңгейінде Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның 300-ден астам университеттерінен рейтингке тек 53 университет ғана кіре алды, мұнда ҚарИУ 30-орынға қол жеткізді.

Біздің еліміздегі 120 университеттің ішінде осы рейтингте тек 34 университет орналасқан, олардың ішінде біз 21-орынға ие болдық.

Университеттің дамуындағы мұндай жетістік соңғы жылдары ұжымның мамандарды даярлау сапасын және ғылымда қол жеткізілген жоғары көрсеткіштерді арттыруға бағытталған жұмысының нәтижесінде мүмкін болды. Жыл сайын өткізілетін ғылыми жобалар конкурстарында біздің ғалымдар жалпы сомасы 1 млрд теңге болатын 19 грант ұтып алды, соңғы екі жылда халықаралық журналдарда жарияланымдар саны 3 есеге өсті. Университетте студенттердің академиялық ұтқырлығы жоғары, түлектерді жұмысқа орналастыру 90-95 пайыз деңгейінде.

Оқу орнында заманауи талаптарды ескере отырып, барлық білім беру бағдарламалары жаңартылды, оларды әзірлеуге экономиканың нақты секторының өкілдері белсенді тартылды. Оқу үдерісіне заманауи инновациялық білім беру технологиялары енгізілді.

Әлемнің жетекші университеттерімен – Ұлыбританияның Портсмут университетімен, Стамбул техникалық университетімен, МИСиС ғылым және технологиялар университетімен, Малайзияның технологиялық университетімен, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан университеттерімен халықаралық байланыстар кеңеюде.

Беделді халықаралық рейтингке ену – бұл біздің университет өміріндегі тарихи оқиға, ол ұжымның ұйымшыл және бірлікте жасаған жұмысы мен ардагер ұстаздарымыздың, оқытушыларымыздың, ғалымдарымыздың, қызметкерлер мен студенттердің жеке үлесі арқасында мүмкін болды!

Университет мұнымен тоқтап қалмайды, алға жылжып, әлемдегі ең үздік университеттер қатарына еніп, мақсатқа жету үшін барлық алғышарттар бар!


Просмотров: 248