«ЭНЕРГЕТИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҒЫ

Қарағанды индустриялық университетінде ұжымдағы әдістемелік жұмыс тәжірибесін жинақтау, оқытушының педагогикалық шеберлігін жетілдіру, студенттердің танымдық және практикалық қызметін жандандыру, олардың ой-өрісін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында дәстүрлі түрде әдістемелік апталар өткізіледі.

2023 ж. 21 қараша мен 25 қараша аралығында әдістемелік апта шеңберінде «Энергетика» кафедрасында бірлескен білім беру ортасын қалып- тастыру үшін жаңа тәсілдерді игеруге және енгізуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Кафедра оқытушысы Н.Н. Асабина wordwall онлайн сервисінің дидактикалық ойындар үлгілерінің жинағын пайдалана отырып, ашық сабақ өткізді. Бұл интерактивті тақтаның көмегімен де, білім алушылардың гаджеттерінің көмегімен де топтық форматтағы білімді бағалауға мүмкіндік берді.

«Электромеханика, энергия үнемдеу және басқару жүйелері оқу-ғылыми институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетінің профессоры Черный А. П. өзінің бай тәжірибесімен бөлісті. Шетелдік профессор тікелей балынысты онлайн ашық дәріс сабағын өткізді. Студенттерге сабақ тақырыбын түсіндіру барысында ойлау, мәселені шешу жолын іздеу, пайымдау, дұрыс табылған шешім арқылы жауапты нақтылауды үйретті. Топтық, жұптық жұмыстарды тиімді қолдана отырып, сабақты өз деңгейінде жүргізді.

«Энергетика» кафедрасының аға оқытушысы Камарова С.Н. оқытушыларға, магистранттар мен докторанттар үшін «Дұрыс патент жасайық» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Ол патенттер мен авторлық куәліктерге өтініш беру үшін құжаттарды қалай дайындау керектігін мұқият түсіндіріп айтты.

ЭПО-23к студенттері үшін «Серпін» бағдарламасы түлектерінің студенттермен кездесуі» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді, онда осы бағдарламаның алғашқы түлектері, ал қазіргі уақытта «Энергетика» кафедрасының оқытушысы А.А. Смайл және «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының докторанты Ә.Е. Батырбек оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесімен бөлісті. Бұл студенттердің оқуға және ғылыммен айналысуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттырады деп үміттенеміз.

Әдістемелік апталықтың соңында 1 және 2 курс студенттері үшін көңілді және ойын-сауық интеллектуалдық викторина өтті. Жарыстың мақсаты бейресми жағдайда әртүрлі топтар мен мамандықтар студенттерін жақынырақ таныстыру және танымдық белсенділікті жандандыру болды.

Қарағанды индустриялық университетінің кітапханасы кафедраның оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды. Апта бойы жалғасқан оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі университет оқытушылары мен студентттеріне энергетика саласында жарық көрген кафедра оқытушыларының оқулықтары мен оқу құралдарын және басқа да ғалымдардың кітаптарын таныстырды.

Іс-шаралар өте жоғары әдістемелік және ұйымдастырушылық деңгейде өтті және әдістемелік аптаның барлық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілді.