
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Қарағанды медициналық университетінде Тәуелсіздік күніне орай «Менің Қазақстаным» облыстық патриоттық әндер байқауы өтті. Байқау Қарағанды обысының ЖОО студенттерінің арасында өтті.
Байқау мақсаты - жастар арасында патриотизмді, рухани адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарды дамыту, жастардың шығармашылық мәдениетінің әлеуметтік маңыздылығын арттыру.
Байқауға Қарағанды облысының оқу орындарынан 16 студент қатысты. Қарағанды индустриялық университетінен Кузембаева Аққамар Исабаевна қатысып, байқау қорытындысы бойынша белсенді қатысқаны үшін алғыс хат табыс етілді.
Кузембаева Аққамар Исабаевнаға алдағы уақыттарға табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!

