ҚАРИУДА «ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ» ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ ӨТТІ.

2023 жылғы 7 желтоқсанда Теміртау қаласының Қарағанды индустриялық университетінің базасында «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» атты төрт күндік өңірлік форумның қорытынды іс-шарасы өтті.

Форум мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті,салауатты ұрпақ тәрбиелеу жүйесі болып табылады. Форум тәрбие жүйесін жүйелендіруге бағытталған. Құндылықтар жүйесі тәрбие үрдісін толыққанды қамтиды және тәрбие жүйесін жүйелендіруге көмектеседі.

Форум қонақтары мен қатысушыларының назарына «Асыл мұра» көрмесі ұсынылды, онда Қарағанды облысының мектепке дейінгі, орта, орта білімнен кейінгі және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар үш негізгі құндылықты: «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» дамыту бойынша өз жұмыстарын көрсетті.

«Q Talks» форматында пленарлық отырысты оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Бакиткуль Хималдиновна Әбдікерова өткізді.

Форумға қатысушыларды басқарма төрағасы - ҚарИУ ректоры, биология ғылымдарының докторы,

профессор Абдрасилов Болатбек Серикбаевич қарсы алды.

Форумға: Құсайын Ерлан Бейсенбайұлы, облыс әкімінің орынбасары; Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры; Жұмашов Еркебұлан Әлімханұлы, Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік қызметтерді үйлестіру және педагогтардың біліктілігін арттыру орталығының директоры; Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы, ұлттық құндылықтар академиясының президенті ХХ ғасырдың көрнекті тұлғасы; Темірғали Көкетайұлы, Оксфордтағы алғашқы қазақ оқытушысы, физика ғылымдарының кандидаты; Тәуелбеков Ораз Қайсайұлы, Теміртау қаласының әкімі; Болкенбаев Азамат Тілеуұлы, Қарағанды облысы Білім басқармасы басшысының м.а.

Форумды онлайн форматта облыс әкімінің орынбасары Құсайын Ерлан Бейсенбайұлы ашты.

Спикерлер өз сөзінде білім беру мен тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді көтеріп, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Қарағанды облысының медиапланыанына сәйкес, 7 желтоқсан-ақсақалдар мен баталар күні. Форумға қатысушылар ХХ ғасырдың көрнекті тұлғасы Темірғали Көкетайұлының батасын алды.

Форумның жарқын оқиғасы Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен ұлттық құндылықтар академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу болды. Форумға қатысушылар Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі бекіткен бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыста қолдану үшін алған білімдері үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.