ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫ: ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҮРДІСТЕРІ.

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды индустриалық Университетінде «ҚР Президенттік институты: даму кезеңдері мен үрдістері» тақырыбында тақырыптық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстандағы Президент институтының негізгі бағыттарын, оның дамуын түсіндіру, сондай-ақ еліміздегі саяси өзгерістер мен соңғы конституциялық реформалар ережелерінің маңызды аспектілерін түсіндіру.

Қазақстанда мемлекеттік жүйенің өзегі президенттік институт болды. Президенттік лауазым Қазақстанда Тәуелсіздік жарияланғанға дейін құрылды. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, республикадағы жоғары билік органы «Қазақ КСР Президенті лауазымын құру және Қазақ КСР Конституциясына (негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдап, Қазақ КСР Президенті лауазымын құрды. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев бұл қызметке 1990 жылы сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тағайындады.

Тақырыптық іс-шара барысында қазақстандықтардың тәуелсіздік алу және президенттік институтты қалыптастыру процесінің кезеңдері, сондай-ақ Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қойылатын қосымша талаптар бөлінді.