6 желтоқсанда «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы №5 мектептің 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Оқушылар жетекші зертханаларға, инженерлік бейіндегі зертханаларға барды. Оқушылар университеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, жаңа аудиторияларында болды.
Сондай-ақ оқушыларға ҰБТ тапсыру форматы, университетіміздің мамандықтарын таңдау, университетіміз ұйымдастырған ҰБТ пәндері бойынша дайындық курстары туралы толық ақпарат берілді.
Кездесу барысында оқушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.