ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ «ҚЫЗЫЛША. БЕЛГІЛЕРІ, ЕМДЕЛУІ, АЛДЫН-АЛУ, ЕГУ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУІ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Қарағанды индустриялық университетінде №1 емхана қызметкерлері университет студенттеріне қызылшаға қарсы профилактикалық кездесу жүргізді. Профилактикалық кездесу спикерлері №1 емхананың директорының орынбасары Байдильдаев Дидар Тореханович, сарапшы дәрігер Айдынбекова Зейнеш Тусуповна, 2 сарапшы дәрігер Шарипова Гульнар Текешевна болды.

Кездесу барысында қызылша ауруының пайда болу жолдарын, алғашқы белгілерін, оны алдын алу жолдарын және одан қалай сақтануға болатындығын айтып өтті.

Қызылша-вирус тудыратын өте жұқпалы жұқпалы ауру. Қызылша вирусы жұқтырған адамның тыныс алуы, жөтелуі немесе түшкіруі арқылы оңай таралады. Инфекция ауыр ауруды, асқынуды және тіпті өлімді тудыруы мүмкін.

Қызылша-бұл ауа тамшылары арқылы таралатын өте жұқпалы ауру. Көбнесе балаларда кездеседі. Оның белгілері дене қызуының көтерілуі мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Бұл 100% жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе жұқтыру қаупі өте жоғары. Міне, сондықтан инфекция ошағында вакцина және эпидемияға қарсы шараларды жасауды қатаң сақтау өте маңызды.

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қазақстан Республикасында алдын-ала егу балаға екі рет 12 айда және 6 жасында жоспарлы түрде тегін жүргізіледі, екі рет алдын-ала егілгендердің иммунитеті 95% құрайды. Шұғыл вакцинациялау науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.