ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЖАНЖАЛ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТИІМДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Қарағанды индустриялық университетінде кураторларға арналған «Жанжалды жағдайлардағы тиімді мінез-құлық стратегиялары» семинар-практикумы өтті.

Семинар мақсаты: оқытушыларды жас психологиясы саласындағы қазіргі заманғы нейрофизиологиялық және психологиялық үрдістермен таныстыру, конфликтология және келіссөздер жүргізу саласындағы қазіргі заманғы нейрофизиологиялық және психологиялық үрдістермен таныстыру.

Семинардың құрылымы:

1) Психологтардың жұмысындағы нейропсихологиялық тәсіл. Мидың функционалды блоктары

2) қазіргі жас классификациясы: филогенездегі мінез-құлық пен дамудың ерекшеліктері

3) жанжалдағы мінез-құлық сипаты бойынша тұлға типтерін жіктеу

4) жанжалды жағдайларда тиімді мінез-құлық стратегиялары

Семинар достық жағдайда өтті, қатысушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауап ала алды. Бұл семинар пайдалы әрі қызықты болды деп үміттенеміз. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарымыз жалғасатын болады.

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! СІЗГЕ ЕСКЕ САЛАМЫЗ! Университетте ҚарИУдың психологиялық қызметі белсенді жұмыс істейді, соның арқасында әр студент өзінің проблемасымен көмекке жүгіне алады. Сондай-ақ, психологиялық көмек қызметтерін бірінші корпустың 227 кабинетінен алуға болады (дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. 13.00-ден 14.00-ге дейін-түскі үзіліс). Сіз сондай - ақ Instagram әлеуметтік желісі арқылы @psi_kariu қызметіне хабарласа аласыз.