Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Қарағанды индустриалық Университетінде “Депрессия” семинары өтті.
Семинардың мақсаты-ҚарИУ оқытушыларының ең көп кездесетін психологиялық мәселелер туралы хабардарлық деңгейін арттыру.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, 2025 жылға қарай депрессиялық бұзылыс әлемдегі семіздік пен қант диабетінен кейінгі екінші орын алады. 14 пен 25 жас аралығындағы жастар қауіпті аймағында. Белгілерді білу және оларды көріністің қарқындылығымен ажырата білуді семинарға қатысқаннан кейін колледж және университет оқытушылары үйренді.
Оқытушыларға жедел сауалнама жүргізіліп, келесі кездесудің тақырыбы жоспарланды.Семинар достық жағдайда өтті, қатысушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауап ала алды. Бұл семинар пайдалы әрі қызықты болды деп үміттенеміз. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарымыз жалғасатын болады.
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! СІЗГЕ ЕСКЕ САЛАМЫЗ! Университетте ҚарИУдың психологиялық қызметі белсенді жұмыс істейді, соның арқасында әр студент өзінің проблемасымен көмекке жүгіне алады. Сондай-ақ, психологиялық көмек қызметтерін бірінші корпустың 227 кабинетінен алуға болады (дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. 13.00-ден 14.00-ге дейін-түскі үзіліс). Сіз сондай - ақ Instagram әлеуметтік желісі арқылы @psi_kariu қызметіне хабарласа аласыз