ҚАРИУ-ДА «ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Қарағанды индустриялық университетінде Алғыс айту күніне орай «Жүректен-жүрекке» интеллектуалды квест ойыны өтті.

Іс-шараны Қарағанды индустриалық университетінің кітапхана меңгерушісі Абешова Айнур Темирхановна ұйымдастырды.

Ойынның мақсаты: Студенттерге сұрақ-жауап ретінде кітапханаға деген қызығушылықтарын арттыру, математика және есеп-қисапты өмірде қолдана білу, ой қабілеттерін жақсарту, ойын түрінде білімдерін тиянақтау болды.

Ойын 4 ойын нүктесі орналасқан маршрут бойынша қозғалысты қамтыды. Әр станцияда командаға әр түрлі тапсырмаларды шешу ұсынылды.

Квестке «Қыран» тобы мен «Жігер» тобы қатысты.

Ойынның нәтижесі бойынша «Қыран» тобы жеңіске жетіп дипломмен марапатталды. Сондай-ақ белсенді қатысқан студенттерге алғыс хат берілді.

Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз.