Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Қарағанды индустриялық университетінің 1 курс студенттері Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтарын қою іс-шарасына қатысты. Іс-шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналды.
Естеріңізге сала кетейік, 1989 жылғы 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні. Бұл мереке ғана емес, сонымен бірге қайғы-қасірет күні, ешкімді бей-жай қалдырмайтын ұмытылмас күн. Қанша уақыт өтсе де, біз үшін бұл күн мәңгі есте қалады. Ауғанстан-Бұл біздің тарихымыз бен азабымыз, нағыз сарбаздың құрметімен соғыстан өткендерге деген құрметіміз. Бұл күні қаза тапқандарды құрметтейміз және тірідей оралғандарға, Ауғанстанның қиын жолдарынан өткендерге, азаматтық борышы мен сарбаздық батылдығы жоғары адамдарға терең ризашылығымызды білдіреміз.
Құрметті интернационалист жауынгерлер! Осы айтулы күні Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, жарқын сәттер мен қуанышты кездесулер тілейміз.