Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Қарағанды индустриалық университетінде Дін істері жөніндегі облыстық ақпараттық - түсіндіру тобының теологтарымен кездесу өтті. Іс-шараның тақырыбы діндегі бөтен ағымдардың зияны мен салдарына арналды. Кездесу спикері “Теміртау қ. конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және сараптау орталығы” КММ бас маман-теологы Берік Мұратұлы Бүркітбай болды.
Кездесу барысында жат ағымдардың зияны, олардан қалай сақтануға болатындығы, тигізген зиянды әсерлері, Ислам кұрамында, мұсылман қауымдарда пайда болған діни-философиялық, саяси ағымдары туралы аталып өтілді.
Жат діни ағымның жетегінде жүргендердің санының артуы қарапайым халықтың діни сауатының аздығынан немесе жоқтығынан туындайтыны хақ. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жатады. Теріс ағымға арбаушылар көбінесе өмірлік тәжірбиесі аз, уақытша қиындыққа төзімсіз, діни сауаты таяз жастарды тартуға тырысады. Өйткені, білімсіз адамның аңғал, көнгіш, сенгіш, еліктегіш келетінін жақсы біледі. Жат ағымдарға алданушылардың көпшілігінің мүлдем діни сауаты жоқ. Ал, дінімізде білімнің маңыздылығы ерекше.
Кез-келген деструктивті діни ағым қауіпті, өйткені оның іс-әрекетінің принциптері жасампаздыққа емес, жойылуға негізделген.
Өзіңізге және жақындарыңызға мұқият болыңыз!