СТУДЕНТТІК ӨЗІН ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАДЫҒЫ ТЕКСЕРІСІ.

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Қарағанды индустриялық университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы, студенттік парламент Президенті мен вице-президенті бірлесіп университеттің студенттік жатаханалары бойынша тексеріс жүргізді.

Тексеру мақсаты: студенттердің өмір сүру жағдайларын, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын, студенттердің ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын және жатақханада тұруын бақылау, студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексеру және әр қабатта бөлмелер, ас үйлердің жағдайын тексеру.

Тексеріс барысында жатақханаларда ешқандай бұзақылық, тәртіпсіздік белгілері болған жоқ. Студенттердің бөлмелері таза әрі студенттердің көпшілігі тәртіпті тиісті деңгейде ұстайды.

Айта кетейік, профилактикалық рейдтер тұрақты негізде жүргізілуде. Студенттер өздерінің проблемалық сұрақтарымен КДМ активіне (Н-208), жатахана басшыларына және тәрбие жұмысы департаментінің директорына (Н-205) жүгіне алады.