СУ ТАСҚЫНЫ, СУ БАСУ
қаупі туындаған және орын алған кезге арналған
ЖАДЫНАМА
Көктемгі қардың күрт еруі кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін:
-
Балалардың өзендерге, қазаншұңқырларға, терең арықтар мен жыраларға жақын жерде ойнауына тыйым салынсын;
-
өзендердің жағасында және су қоймасының плотинасына жақын орналасқан саяжай учаскелеріне барудан бас тартыңыз;
-
өзендердің, каналдардың, терең және кең арықтар мен жыралардың үстінде орналасқан құбырлар немесе басқа да конструкциялардан өтпеңіз;
-
келіп жатқан су құрғақ жерден бөліп тастамас үшін, өзендердегі жартылай аралдарға бармаңыз;
-
жазатайым оқиғаны болдырмау үшін белгіленбеген және таныс емес орындарда өзендерден, каналдардан және басқа да су айдындарынан мұз арқылы өтпеңіз;
-
Балықшылар бұл кезеңде су толығымен төмендегенше балыққа аулаудан бас тартқан жөн.
Елдімекендерде, жеке секторда тұрып жатқан ХАЛЫҚ:
-
ауладан және іргелес аумақтан қар барынша тазаланып, қауіпсіз орынға шығарылсын;
-
еріген қар суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін нөсер арналарының, арықтардың, жыралардың, су өткізгіш құбырладың және басқа да су бұру құрылғыларының уақтылы тазалануына ерекше назар аударылсын;
-
еріген қар суы үйдің конструкциясына кірмеуі үшін ғимараттың қабырғасы мен іргетасын қардан тазалау жүргізілсін;
-
ғимарат шатырынан су өтіп кетуін болдырмау үшін, шатырды қар мен мұздан тазалау жолымен еріген қар суының жеткілікті ағып кетуін қамтамасыз етіңіз;
-
су басу қаупі туындаған жағдайда су кіріп кеткен кезде ықтимал шығыннан қорғау үшін электр құралдарын, тұрмыстық техниканы және бағалы заттарды жоғарғы қабатқа шығарыңыз;
-
жазатайым оқиғаға, өртке жол бермеу үшін электр шараушылықтарына, электр қорғағыш аспаптардың жарамдылығына, агрегаттарға алдын ала түгендеу жүргізіңіз.
Су басу қаупі бар елдімекендерде тұратын ХАЛЫҚ, ТЖ туралы хабарлама алған кезде:
-
киім-кешек, азық-түлік тағамдарын, ауыз су қорын жинасын, газ және электрэнергиясын сөндіріп, эвакуациялық іс-шараларға дайын болсын;
-
үй жануарларын, құстарды қауіпсіз жерге эвакуациялауға дайындасын. Жертөлелердегі және басқа да тереңдегі үй-жайлардағы азық-түлікті шығарып, шатырларға немесе су баспайтын үй-жайларға орналастырсын;
-
үйді және шаруашылық үй-жайларды жергілікті билік өкілдеріне күзетке тапсыруға дайын болсын;
-
барлық жерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. Алған ақпарат туралы көршілерге хабарлаңыз, бұл істе қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз. Кез келген жағдайда сабырлы болыңыз, дүрбелеңге берілмеңіз.
Гидротехникалық ғимараттардың БАСШЫЛАРЫ (МЕНШІК ИЕЛЕРІ):
- қар көп түскен жерлерден қарды, су басу болуы ықтимал аймақтардағы арналар мен су ағатын жүйелерді тазартып, су жіберетін құрылғылар мен механизмдерді алдын-ала, дер уақытында жөндесін;
- ТЖ қаупі болуы туралы мемлекеттік органдар мен тұрғындарды дер кезінде хабардар етіңіз.
Теміртау қаласының ТЖ басқармасы
Просмотров: 193