ҚАРИУ 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ!

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағанды индустриялық университетінің акт залында университет пен Теміртау қаласының білім беру мекемелерінің оқытушылары мен мұғалімдері және қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Салтанатты іс-шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Басқарма төрағасы м.а.– университетіміздің ректоры Бахыт Ахатович Жаутиков және қалалық мәслихат депутаты Урываев Сергей Васильевич адамзаттың әдемі жартылысының барлық өкілдеріне, зор денсаулық, жағымды эмоциялар мен шексіз бақыт тіледі.

Адал еңбегі және университет өміріне белсенді қатысқаны үшін университеттің 14 қызметкері Құрмет грамоталарымен марапатталды:

1. Саида Бейбитовна Дюсембаева - Экономика және құрылыс факультетінің деканантының кеңсе- менеджері;

2. Айдана Есенжолкызы Байленова - Энергетика, көлік және бақсару жүйелері факультетінің деканантының кеңсе- менеджері;

3. Жандильдина Светлана Айчановна - Техника –экономикалық колледждің әдіскері;

4. Галия Еркиновна Жумабекова - оқытушысы;

5. Марина Николаевна Пархоменко - Техника –экономикалық колледж оқытушысы;

6. Айнаш Сансызбаевна Кынаева – материалдық бөлім бухгалтері;

7. Евгения Варфаламеевна Пальцева - «Қазақстан тарихы, әлеуметті- гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушысы;

8. Людмила Павловна Климова - спорт корпусының вахтері;

9. Жайдарлы Иргебаевна Абдуова – спорт корпусының коменданты;

10. Алия Ватаевна Елекенова – вахтер;

11. Жанар Муратовна Абенова – вахтер;

12. Мария Анатольевна Воронина – вахтер;

13. Мариа Ахужа – жаңа корпустың еден жуушысы;

14. Светлана Заманбековна Ислямова – бас корпус вахтері.

Мерекелік іс-шараға қатысушыларға ең әсем әндер мен билерді, өз өнерлерін: Мәдениет ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды облысы әкімінің сыйлығының лауреаты, Ғазиза Жұбанова атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімі –Темірбек Тілеубекұлы Сыздықов; «Бэби Шлягер» үлгілі балалар эстрадалық студиясының солисті Лариса Нұрлыбекова; Марина Олеговна Миронованың жетекшілігімен «Силуэт» сән агенттігі және Инна Степановна Ложкинаның жетекшілігімен «Антре» үлгілі эстрадалық би ансамблі көрсетті.

Мерекелеріңізбен!