Ағымдағы жылдың 28 ақпанында “бизнес экономикасы” және “жалпы білім беру пәндері” кафедралары ҚарИУ-дың кәсіптік бағдарлау жұмысы жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде 19-мектептің 11-сынып оқушылары, Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі мен Теміртау индустриалды-техникалық колледжінің студенттеріне Қарағанды индустриалық университетінің оқу корпустары бойынша экскурсия өткізді.
Кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы ҚарИУ тарих мұражайына, “ТМиТ” кафедрасының инжиниринг зертханасына, “ТИИ” кафедрасының техникалық автоматтандыру құралдары зертханасына және инженерлік бейіндегі зертханаға баруды қамтитын кезекті қызықты экскурсиялық және таныстыру бағдарламасын дайындады.
Сонымен қатар, колледж оқушылары мен студенттері “Құрылыс” кафедрасының білім беру бағдарламаларымен танысып, оның жаңа аудиторияларына барды.
Біздің университет бойынша экскурсия барысында ҰБТ тапсыру форматы, біздің университеттің мамандықтары және олардың бейіндік пәндерге сәйкес таңдауы, ҰБТ пәндері бойынша дайындық курстарының жұмысы туралы ақпарат айтылды.
Болашақ талапкерлермен кездесу жылы, сенімді атмосферада өтті. Мұндай іс-шара Қарағанды индустриалық университетіне түсу үшін талапкерлерді тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне университет тәрбие және ғылыми қызметі туралы толық ақпарат алуға, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып,барлығына буклеттер таратылды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.