Қарағанды индустриялық университетінде Наурыз мерекесін тойлау жалғасуда.
Бүгін университетімізде «Наурыз дастарханы» іс-шарасы өтті. Оның басты мақсаты – қазақтың ұлттық тағамдарын, оның ішінде ұлттық тағамдарды және ұмытылып бара жатқан жақсы дәстүрлерді жаңғырту және танымал ету.
Іс-шара оқытушылардың, студенттердің және университет қызметкерлерінің белсенді қатысуымен өтті. Акцияны үш факультет пен ҚарИУ жанындағы Техника-экономикалық колледжі студенттері мен қызметкерлері де қолдады.
Іс-шараға қатысушылар ұлттық киімдерін киіп, барлығына мерекелік дастархан, бауырсақтар мен үйде дайындалған наурыз-көже ұсынды.
Іс-шара өте дәстүрлі түрде аяқталды. Барлық қатысушылар бірге ән айтып, би биледі. Өйткені, біздің ортақ үйіміз – Қарағанды индустриялық университеті.