19 сәуірде "ТМиТ" кафедрасының кәсіптік бағдарлау жөніндегі жұмыс тобы Шахан кентіндегі №2 мектепке барды. Онда ҚарИУ қызметкерлері QazTehna ЖШС өкілдерімен бірлесіп, 10-11 сынып оқушыларына жоғары оқу орнына түсу және оқу шарттары бойынша консультация өткізді. Биылғы жылы университетте жаңа мамандыққа – "автомобиль жасау"мамандығына қабылдау ашылатынын атап өтті.