КАРИУДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАР ҮШІН «БРЕЙН-РИНГ» ӨТТІ

Әдістемелік апта аясында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушылары  қала мектептері оқушылары арасында ҰБТ пәндері бойынша «Брейн-ринг» зияткерлік ойынын ұйымдастырды.

Ойынның мақсаты – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы пәндері бойынша оқушылардың дайындық деңгейін анықтау және білімдерін жетілдіру, кәсіби бағыт-бағдар беру.

Ойынға Әлихан Бөкейхан атындағы гимназияның және Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектептің  командалары белсенді қатысты. Брейн-ринг ойынын ұйымдастырушылар: кафедраның аға оқытушылары Асанова Қ.А. және Мырзаханова А.Т.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, ақшалай жүлде табысталды.