ҚАРИУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «PHD INSIGHTS» СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ.

Үш күн бойы Назарбаев Университетінің өкілдері әріптестерімен академиялық тәжірибелерімен бөлісті. Бұл семинардың өзектілігі қазақстандық жоғары білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау қажеттілігіне байланысты. Бұл проблема әсіресе шетелдік университеттерде кең таралған PhD бағдарламалары үшін өте маңызды. Семинар аясында PhD-бағдарламалардың мәні мен сипаттамаларын анықтайтын теориялық ережелер жиынтығы талқыланды; оларды іске асырудың негізгі принциптері анықталды; жоғары білікті кадрларды даярлау бағдарламаларына сәйкес PhD-бағдарламалардың негізгі түрлері бөлінді.

Семинарға Қарағанды индустриялық университетінен академиялық саясат департаментінің директоры Е.М. Харченко; ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру секторының басшысы Н. С. Ахметгалина және ОМД кафедрасының меңгерушісі С. С. Айнабекова қатысты.

blank