ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА «ОҚЫРМАН ОТБАСЫ» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРТЫНДЫ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

Қарағанды индустриялық университеті Қазақстандағы сапалы білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі. Алайда, көбінесе мамандық алуға деген ұмтылыс жеткіліксіз. Өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысты бала кезінен тәрбиелеу керек, оның ең жақсы жолы - жақсы кітаптарды оқу.
ҚарИУ жастардың жаңа білімге деген құштарлығын қызу қолдайды, осыған орай университетімізде «Бір отбасы-бір кітап» облыстық акциясы аясында ұйымдастырылған «Оқырман отбасы» конкурсыныңі қорытынды кезеңі өткізілді.
Конкурсты ұйымдастырушы Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы. Іс-шараның басты мақсаты – ең белсенді кітап оқитын отбасыларды анықтау, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға негіз беру.
Сараптамалық комиссияның шешімімен 15 отбасы ақтық кезеңге өтті. Олардың әрқайсысы таңдаған шығармасынан үзіндіні сахналауға, сонымен қатар отбасылық оқуға байланысты фотогалереяны ұйымдастыруға қатысуы керек болды.
Іс-шараны университеттің құрметті қонағы – «АМАНАТ» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Қомарұлы Алтынбеков ашып, қатысушыларға сәлем жолдап, сәттілік тіледі.
Іс-шараның құрметті қонағы ретінде «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы м.а.–ректор Жаутиков Бахыт Ахатович сөз сөйледі.
– Кітап оқу – біз өмір сүріп жатқан әлемді түсінудің бір жолы. Кітаптар біздің ой-өрісімізді кеңейтеді. Оқудың арқасында біз санасыз түрде өз ойымызды әдемі және сауатты жеткізуге үйренеміз. Сонымен қатар, жақсы оқитын адам әрқашан басқа адамдар үшін қызықты сұхбаттасушы болып табылады, бұл әсіресе маңызды. Кітап оқитын халық – зиялы қауымның негізі», – деп пікірін білдірді Бахыт Ахатович Жаутиков.
Сонымен қатар, ол мектеп оқушыларына университеттің қызметі, жақсы білім берудің маңыздылығы туралы айтып берді.
Теміртау қаласының Білім бөлімі Қарағанды индустриялық университетінің басшылығына кәсіптік бағдар беру жұмысы саласындағы белсенді ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.