ҚАРИУ-ДА ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ

13 мамырда Қарағанды индустриалық университетінде «Құрылыс» кафедрасы «Менің бауырым» аясында өткізілген «ЕРІКТІ БОЛУ - ЕРЛІК» атты интелектуалды сайысы жүргізілді. Интеллектуалды сайысына Теміртау қаласының №2 Жалпы білім беретін мектептің 9-11 сыныптары және Қарағанды индустриалық университетінің жанындағы ТЭК бірінші курс студенттері қатысты. Сайысты ұйымдастырушылар: ПГС-21к тобының студенті Қалмырза Нұрсұлтан, ПГС-22к тобының студенттері Бақтыбайұлы Дайырқан, Стамқұл Серік, Қуаныш Үмітбек, Борамбаев Жасұлан, Рахматуллаев Алмат онымен қатар «Құрылыс» кафедрасының оқытушылары.

Бірінші орын жүлдегері №2 Жалпы білім беретін оқушыларынан құралған «Building» командасы болды.