14 мамырдан бастап Қарағанды индустриялық университетінде “Siemens” контроллерлері мен “Scheider Elektric” жиілік түрлендіргіштерін бағдарламалау бойынша курстар басталды. Курстарды “Қазметаллургавтоматика” ЖШС жетекші мамандары жүргізеді. Курсқа “Энергетика” және “ЖИТ” кафедраларының оқытушылары, “ӨЭҚ” және “АЖИ” білім беру бағдарламаларының студенттері, КарИУ жанындағы ТЭК және ТЖПК колледждерінің оқытушылары мен “Қазметаллургавтоматика” ЖШС қызметкерлері қатысып жатыр.