ҚАРИУ ЖОҒАРЫ БІЛІМ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ.

13-14 мамырда Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған қазақстандық жоғары оқу орындарының ауқымды көрмесі өтуде. Көрме аясында "гранттардың түрлері және талапкердің жол картасы" тақырыбында кәсіптік бағдар беру бойынша семинар жоспарланған. Іс-шараға ҚарИУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, К. Жұбанов атындағы АРУ және т. б. Қазақстанның жетекші университеттері қатысады.