ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ЕРЛІК ЖЫЛДАРЫН ЕСТЕ САҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «ЖЕҢІС ЛЕНТАЛАРЫ» ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Теміртау қаласында Ұлы Отан соғысының ерлік жылдарын есте сақтауға бағытталған «Жеңіс ленталары» патриоттық іс-шарасы өткізілді. 2 мамырда Қарағанды индустриялық университетінің студент-волонтерлері қала тұрғындары мен қонақтарына мыңнан астам көк түсті ленталарды тегін таратты.

Жеңіс күнін атап өту үшін 2015 жылы мемлекеттік тудың түсіне сәйкес келетін жаңа патриоттық лента үлгісі енгізілді. Лентаның ортасында орналасқан ұлттық ою-өрнек элементтері, шетіндегі «Отан соғысы» ордені халқымыздың майдан даласында және тылда көрсеткен ерлігі мен батырлығын білдіреді.