2024 ж. 29-сәуір күні «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ 6D071800 – «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша Валерий Михайлович Дружининнің философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Электрмен жабдықтау желілерінің ыстық илемдеу стандарының өзара байланысты электр жетегінің сипаттамаларына әсерін азайту әдістерін әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясы сәтті қорғалды.
Кеңес шешімі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің алдына 6D071800 Электр энергетикасы мамандығы бойынша PhD дәрежесін беру туралы өтініш жасау.
____________