LIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАСТАР, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ: ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2024 жылдың 15 мамырында Қарағанды индустриялық университетінде «Жастар, ғылым және технология: жетілдіру және интеграциялау жолдары» атты жыл сайынғы дәстүрлі LIV республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға Қарағанды облысынан, сондай-ақ шет мемлекеттерден (Ауғанстан) жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Бұл конференция қатарынан өткізілген 54-ші конференция.
Ғылыми-тәжірибелік конференция оқытушылар мен студенттердің педагогикалық өзара әрекеттесуінің тиімді түрі, олардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың қажетті кезеңі екенін атап өткен жөн.
Баяндамалар, жүргізілген зерттеулер бойынша есептерді дайындау дағдыларын меңгеру, алынған нәтижелерді көпшілік алдында көрсету және оларды ғылыми-практикалық конференцияда негіздеу дағдыларын меңгеру студенттердің рефлексиялық мәдениеті мен коммуникативті қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Конференция барысында пленарлық және секциялық отырыстар өткізілді.
«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы м.а. –ректор, т.ғ.д., профессор Жаутиков Бахыт Ахатович; Басқарма мүшесі – ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, х.ғ.к., Махмұтов Болат Бижанұлы; Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент Сивякова Галина Александровна құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық отырыс барысында Әбдірашит Асылбек Мирамханұлы (ҚарИУ 8D07202 – «Қара және түсті металдар металлургиясы» ББ 3 курс докторанты); Казаков Владислав Игоревич (ҚарИУ 7М07103 «Технологиялық жабдықтар инженериясы» ББ 1 курс магистранты); Fayez Wazani A.W., ҚарИУ 7M04103 «Экономика» ББ 1 курс магистранты); Үмбетбаев Алтынбек Айбекұлы, ҚарИУ 6В06101 «Бағдарламалық қамтамасыз ету» ББ екінші курс студенті) баяндама жасады.
Ең қызықты презентациялардың бірі Ауғанстаннан келген магистрант Fayez Wazani A.W. ағылшын тілінде жасаған баяндамасы болды.
«Конференция мен үшін керемет тәжірибе болды», - деп мойындады Fayez Wazani A.W. – Бұл пікір алмасуға, түрлі саладағы басқа мамандардан үйренуге және пікірлес адамдармен байланысуға арналған тамаша алаң. Конференцияға қатысу мен үшін өте маңызды болды, өйткені ол жаңа құнды білім алуға мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, бұл шынымен байытатын және қанағаттанарлық тәжірибе болды. Мені қатысуға шабыттандырғандарыңыз үшін рахмет.
Пленарлық отырыс жабылғаннан кейін конференция техникалық ғылымдар, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект, экономикалық ғылымдар және менеджмент, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секциялары бойынша жалғасты. 40 баяндамашы баяндама жасады. Конференцияға қатысуға барлығы 200 астам ғылыми мақалалар ұсынылды.
– Барлығыңыз: студенттер, магистранттар, докторанттар – университетіміздің элитасы. Біздің университет Қазақстандағы кез келген жоғарғы оқу орнынан кем түспейді. Жеткен жетістіктеріміз де аз емес екені айтылды. Біз бірінші болып «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасын құрдық, бізде ең озық металлургиялық балқыту цехы бар, бізде Қазақстандағы фармацевтикалық өндіріс технологиясының үздік кафедрасы, «Күміс» университеті және т.б. бар. Ал мұның барлығы біздің өңірдің және одан тысқары өңірлердің дамуына бағытталған», - деді ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы м.а.– ректор, т.ғ.д., профессор Жаутиков Бахыт Ахатович. – Бүгін үлкен конференцияға белсене қатысып, өз білімдеріңізді көрсеттіңіздер. Әрі қарай өсу мүмкіндігі баршаңызға беріледі, ғылыммен айналысу, дүние жүзін аралап, жетістіктеріңізді көрсетуіңіз үшін барлығыңызға міндетті түрде қолдау көрсетеміз.
Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады.
Марапатталушылар тізімі:
1 Секция
1 орын - Мынжасар Е.
2 орын - Айкенбаева Н.
3 орын – Акмалова И.
2 Секция
1 орын – Шахов Н.
2 орын – Қалмырза Н.
3 орын – Павлов А.
3 Секция
1 орын – Узбекбаев Б.
2 орын – Давлетшин И., Хабелашвили Л.
3 орын – Джаксылыкова А.Т.
4 Секция
1 орын – Колокольников А.
2 орын – Нурдилла А.
3 орын – Биргонова У., Макарова Е.