МАМАНДЫҚТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК

Әдетте, мектеп оқушысына еңбек нарығы мен жұмысқа орналасуға қатысты  болашаққа баға беру қиын. Сондықтан қандай мамандықтардың өзекті екенін немесе болашақта сұранысқа ие болатынын, қандай кәсіби дағдыларды дамытуға тұрарлық екенін және қайда жүгінген дұрыс екенін айта алатын тәжірибелі адамдардан кеңес алу өте  маңызды. Әсіресе, осы мақсатта Қарағанды индустриялық университетінде  кәсіби бағдар беруге бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.

Мысалы, 23 мамырда «Болашақ мамандығың туралы айтып бер» республикалық акция аясында Қарағанды индустриялық университетінің студент волонтерлері №20 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Студенттер өз тәжірибелеріне сүйене отырып, мектеп оқушыларына өзгенің пікіріне мән беруді тоқтатып, өз мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, лайықты мамандықты қалай табуға болатынын айтты.

«Мен жылуэнергетик мамандығын таңдадым және Қарағанды нидустриялық университетіне оқуға кездейсоқ түскен жоқпын», - деді 2 курс студенті Александр Онищенко. – Біріншіден, біздің университет тамаша материалдық-техникалық базасы бар Қазақстандағы жетекші оқу орындарының бірі. Сонымен қатар, біздің университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу – бұл шетел университетінде білім алу және шетелде тұруға мүмкіндік береді. Өткен жылы мен Польшаға бардым. Сізге тек жақсы оқу және ағылшын тілін білу қажет. Екіншіден, менің отбасымның барлығы дерлік жылуэнергетик болып жұмыс істейді, біз жылуэнергетиктер әулетіміз деп айтуға болады. Үшіншіден, оқу бітірген соң жақсы жалақы алатын жұмыс табатынымды анық білемін.

- Мен оқуды бітіргеннен кейін мен фармацевт-технолог боламын. Оқу процесі өте қызықты болды, әсіресе біздің кафедрада студенттердің өз стартаптарын дамытуға мүмкіндігі бар. Крем, сабын, тағамдық қоспалар жасаймыз», - деп жалғастырды 1 курс студенті Жақсылық Нұргүл.  Бүгінде бұл мамандыққа сұраныс көп. Біздің түлектер фармацевт-технолог, фармацевтикалық кәсіпорындарда техникалық маман, фармацевтикалық кәсіпорындарда өндіріс инженері болып жұмыс істей алады. Мұндай мамандардың еңбегі жақсы төленеді.

Волонтерлер мектеп оқушыларына ҰБТ тапсыратын бейіндік пәндерді дер кезінде анықтап, оған жақсы дайындалу үшін мамандықты  мүмкіндігінше ертерек таңдау керектігін түсіндірді. Сонда сіздің университетке оқуға түсу мүмкіндігіңіз айтарлықтай артады.

- Қарағанды индустриялық университетіне көп гранттар бөлінетіні де маңызды. Яғни, тегін оқып қана қоймай, шәкіртақы алу ықтималдығы жоғары, - деді 1 курс студенті Байқожа Айжан.

Болашақ талапкерлер студенттердің кеңестері пайдалы болғанын мойындады. Қазірдің өзінде көпшілігі  Қарағанды индустриялық университетінде оқытылатын  мамандықтарды таңдауды  ойлап жүргендерін жеткізді.