Мемлекеттік қызметке шақыру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқыған және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының GPA 3,33-тен жоғары түлектерін мемлекеттік қызметке «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына оқу бітіргеннен кейін бір жыл ішінде  конкурсыз орналасуға  шақырады.

Түлектер аудан, облыстық маңызы бар қаланың әкімдіктері мен мәслихаттарына жұмысқа; аудан және облыстық маңызы бар қаланың дербес бөлімдері; аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдіктері; аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне орналаса алады.

Ел дамуына үлес қосыңыздар!

Толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттеріне хабарласыңыз.