ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ОҚУ БІТІРУ КЕШІ «ТЕМІРТАУДАҒЫ PROM NIGHT ВЕНА БАЛЫ» ШАҚЫРАДЫ!

2024 жылдың 7 маусымында Жастар орталығында Қарағанды индустриялық университетінің дәстүрлі тұлектердің оқу бітіру кеші өткізілді. Оған оқу жылдары өзін қабілетті, еңбекқор студент ретінде көшбасшылық қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерін көрсеткен түлектер қатысты. Барлығы 27 түлек мүсінше немесе Құрмет грамотасы түріндегі естелік сыйлықтарға ие болды.

Іс-шара барысында үздік оқытушы-кураторлар да Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Іс-шараның қонақтары: Қалалық мәслихаттың хатшысы Ломакин Алексей Борисович; Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Зияшев Самат Саятұлы; «Qarmet» АҚ болат департаментінің кадрлар жөніндегі директоры Землянская Елена Игоревна; Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының директоры Быков Владимир Анатольевич.