ҚАРИУ ӨКІЛДЕРІ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ФОРСАЙТ-СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ.

Қарағанды индустриялық университетінің өкілдері Б.Б. Махмутов, Е.М. Харченко, С.Н. Камарова 2024 жылғы 4 маусымда Назарбаев Университетінде өткен Энергетика саласындағы форсайт-сессиясына қатысты. Сессия алаңында бірнеше жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының кездесуі өткізілді, Қазақстанның электр және жылу энергетикасы саласына әлемдік тенденциялардың әсері, 2035 жылға дейінгі Қазақстанның ұлттық электр желісінің болашақтағы дамуы, Қазақстан Республикасының электр энергетикалық және энергетикалық кешенінің жағдайы мен келешегіне қатысты мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасында жылуды түрлендіру технологияларын пайдалану және дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздерін, энергия үнемдеу және энергия тиімді технологияларды пайдалану, сондай-ақ төмен көміртекті дамытуды жүзеге асыру.