ҚАРИУ-ДА МЕТАЛЛ БҰЙЫМДАРЫНЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЖОҒАРЫЛАТУҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТІ ӘЗІРЛЕУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

✔Қарағанды индустриялық университетінің ғалымдары ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің гранты есебінен қаржыландырылатын «Калибрленген орамдарда илемдеу кезінде қарқынды ығысу деформацияларын іске асырудың технологиялық әдісін зерттеу және әзірлеу» ғылыми-техникалық жобасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда.

⚙Жоба жетекшісі «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Қайрош Ноғаев жобада қарқынды ығысу деформацияларын іске асыруды қамтамасыз ететін орамдарды калибрлеудің жаңа технологиялық сұлбаларын әзірлеу ұсынылатынын атап өтті.

✔Жобада ұсынылған гипотезаға сәйкес, калибрлердің жаңа жүйесінде таптау кезіндегі металл ағынының монотонды емес сипаты металлофизикалық құрылымның барлық деңгейлері бойынша металл құрылымын терең тығыздауға және өңдеуге әкеледі, бұл металл бұйымдарының механикалық және қызметтік қасиеттерін кешенді арттыруға ықпал етеді. Алынған нәтижелер бойлық таптау саласында қарқынды ығысу деформациясын жүзеге асырудың технологиялық әдістерінің теориялық және ғылыми негіздерін жасауға және металды таптаманың өнеркәсіптік өндірісіне жаңа технологияны енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін, атап айтқанда, «QARMET» АҚ сортты таптау өндірісінің технологиясын жетілдіруге ықпал етеді.