ҚАРИУ-ДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТАЛАПКЕРІ ДӘСТҮРЛІ СЫЙЛЫҚ АЛДЫ

20 маусымда Қарағанды индустриялық университетінде қабылдау комиссия басталды. Талапкерлер үш факультетте жүзеге асырылатын 25 дайындық бағыттарының ішінен болашақ кәсіби мансабына өздерінің "порталын" таңдауы керек.

ҚарИУ-ға түсу үшін бірінші болып Анастасия Колесникова келді, ол университеттен дәстүрлі сыйлық пен құттықтаулар алды.

Бүгінгі таңда университет студенттерінің халықаралық және академиялық ұтқырлыққа қатысуға кең мүмкіндіктері бар. Серіктес университеттермен алмасу бағдарламасы, қос диплом бағдарламасы жұмыс істейді, тұрақты негізде шетелдік оқытушылардың дәрістері өтеді.

"Бізде жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы мен заманауи материалдық - техникалық база бар, бұл білім сапасына кепілдік береді", - деп сендірді қабылдау комиссиясы. – Сондай-ақ, оқудан бос уақытта студенттерді зерігудің қажеті жоқ. Олар студенттік өзін-өзі басқару органдарының белсенді қатысушылары бола алады. Университет базасында да шығармашылықпен немесе спортпен шұғылдануға болады".

ЖОО-ға түсуге құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.