30.05.24 жылғы «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі» КЕМ (IAAR) Аккредиттеу кеңесінің шешімімен «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ 5 жыл мерзімге халықаралық институционалдық аккредиттеу және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті!
«Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі» (IAAR) агенттігінің сараптамалық тобы 14 техникалық білім беру бағдарламасына сараптама жүргізді:
- 7M07103 Технологиялық жабдықтардың инжинирингі (5 жыл)
- 7M07301 Ғимараттар және үймереттерді жобалау теориясы мен технологиясы (5 жыл)
- 7M07102 Органикалық заттардың химиялық технологиясы (5 жыл)
- 7M11201 Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік (5 жыл)
- 7M07106 Материалтану және материалдардың нанотехнологиялары (5 жыл)
- 7M07105 Технологиялық жабдықтардың инжинирингі (5 жыл)
- 7M07302 Ғимараттар және үймереттерді жобалау теориясы мен технологиясы (5 жыл)
- 7M04104 Экономика (3 жыл)
- 7M07109 Материалтану және материалдардың нанотехнологиялары (5 жыл)
- 7M07204 Қара және түсті металдар металлургиясы (5 жыл)
- 7M07101 Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы (5 жыл)
- 7M07104 Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы (5 жыл)
- 7M04103 Экономика(ББ қос дипломды ФГБОУВО «Астрахан мемлекеттік техникалық университеті» ФМББМЖБ) (5 жыл)
- 7M07203 Қара және түсті металдар металлургиясы (Украина мемлекеттік ғылым және технология университетімен бірге жүзеге асырылатын ББ) (5 жыл)
Бұл университеттің барлық студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері үшін тамаша жаңалық! Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу университеттің білімі мен жұмысының жоғары сапасын растайды. Біз өзіміздің күш-жігеріміз бен оқу үдерісін жақсарту жолындағы үздіксіз жұмысымыздың нәтижелерін мақтан етеміз.
Баршаңызды осы жетістігімізбен құттықтап, білім мен ғылым саласында жаңа белестерді бағындыру үшін бірге алға ұмтыла береміз!