Б.А. Жаутиков кандидатурасы ҚР Премьер -министрінің орынбасары Тамара Дуйсенованың төралығымен Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен қабылданды. Комиссия құрамында Сенат депутаттары және ҚР Парламенті Мәжілісінің, Президент әкімшілігінің-Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Жоғары оқу орындары қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және қоғам қайраткерлері.
ЖОО ұжымына Бахыт Ахатовчті Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы Қожахметов Мадияр Дүйсенбайұлы таныстырды.
Бұған дейін, 2017 жылдан 2021 жылға дейін Бахыт Ахатович ҚарИУ ректоры қызметін атқарған болатын. Ол кездері өзін оқу орнын дамыту, білім беру сапасын арттыру және университеттің материалдық – техникалық базасын жақсарту үшін шын жүректен алаңдайтын сауатты басшы ретінде көрсетті. Университет базасында «Жасанды -интеллект технологиялары», желілік CISCO халықаралық академиясы іске қосылды, докторантура ашылды және «Металлургия және материалтану» бағыттары бойынша гранттарға қабылдау жасалды, «Күміс университеті» жобасы іске қосылды және т.б. Пофессор Бахыт Ахатович Жаутиков бірнеше рет жоғары білім беру жүйесінде басшылық лауазымдарды атқарды, бірқатар ведомствалық марапаттармен марапатталды, оның ішінде: «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметтті қызметкері», «ҚР еңбек сіңірген энергетигі», алтын төсбелгісімен А. Байтұрсынов ҚР ЖОО қауымдастығы – «ЖОО үздік оқытушысы-2010» мемлекеттік грантымен және т.б.
Қарағанды индустриялық университет ұжымы өз басшысының қайта оралуын жігерлендіре отырып қабылдады және Бахыт Ахатовичқа ғылым мен жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту, сондай-ақ стратегиялық даму ҚарИУ еліміздің экономикасының базалық ЖОО ретінде жауапкершілікті лайықты орындауға шын жүректен тілек білдірді. Сізге батыл және перспективті жобалар,кез-келген бастамадағы жетістіктер және жарқын жеңістер болсын! Тағы да құттықтаймыз!