6 қыркүйекте ҚарИУ КеАҚ акт залында Теміртау қаласының Жастар ұйымдары мен Қазақстан Студенттер альянсының қатысуымен "Саналы ұрпақ – жарқын болашақ" диалог алаңы өтті. Алғы сөзінен кейін АСК өкілі Мерейлі Жақсылық студент жастардың алдында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіре отырып сөз сөйледі. Бұдан әрі Жастар ресурстық орталығының, "Шаңырақ" еріктілер орталығының, КВН лигасының өкілдері өз қызметі туралы айтып берді. Студенттер жастарды белсенділер қатарына қосылуға шақырған студенттік өзін-өзі басқару органдарымен де танысты.