4 қыркүйекте ҚарИУ-ға түскен ПИ24к1, ИСА24к, ТИИ24к топтарының 1-курс студенттері Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына барды. Экскурсия барысында студенттерге Теміртау қаласының дамуы, Магнитканың қалыптасуы және металлургия саласындағы жетістіктер, сондай-ақ осы қалада тұңғыш Президенттің еңбек жолы басталғаны туралы егжей-тегжейлі айтылды. Іс-шара жыл сайынғы бірінші курс студенті апталығы аясында өтті.