3 қыркүйекте Қарағанды индустриялық университетінде бірінші курс студенті апталығы аясында дәстүрлі Денсаулық фестивалі өтті. Іс-шара бірінші курс студенттері арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Фестиваль бағдарламасы өте қарқынды өтті. Бірінші курс студенттері барлық эстафеталарға белсенді қатысып, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.
Бірінші курс студенттерінің айтуынша, “Мұндай іс-шаралар қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыруға және командалық рухты дамытуға ықпал етеді”.
Сонымен қатар, университетте 5 жыл бойы “ҚарИУ – салауатты өмір салты аумағы” жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде жарқын спорттық жарыстар, спартакиадалар, денсаулық фестивальдері және басқа да іс-шаралар өткізіледі.
Жобаның негізгі мақсаты-студенттердің бірлігі мен спорттық дайындығын бағалау. Барлық спорттық іс-шаралар “#Бізсалауаттыөмірсалтынқолдаймыз” ұранымен өтеді.