«ЭНЕРГЕТИКА» КАФЕДРАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

2024 жылдың 5 қыркүйегінде «ҚарИУ» КеАҚ «Энергетика» кафедрасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы талқыланды. Мемлекет Басшысының Жолдауы еліміздің келешекте дамуы мен ертеңгі күнге деген бетбұрысты айқындап берді. Бұл барлық бағыттардың дамуы мен ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ елінің әрбір азаматының көкейтесті мәселелерін шешуге арналған жаңа Жолдау еліміздің дамуында, халқымыздың өмірінде көптеген жаңалықтар болатынын көрсетті.
Президенттің Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму болашағына қатысты мәселелер ерекше атап өтілді. Президент өткен сессияда нәтижелі жұмыс атқарылғанын, атап айтқанда, 102 заң күшіне енгені, оның ішінде қоғамдық бақылау, адам саудасына қарсы күрес, ғылым мен техника, жылу энергетикасы саласындағы саясатты реттейтін заңдар және басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылданғаны атап өтілді.
Президент өз сөзінде еліміздің кадрлық әлеуетін кезең-кезеңімен арттырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету, бірінші кезекте су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда байқалған кадр тапшылығын жою, болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар бойынша білікті мамандарды дайындау қажеттігін атап өтті.
Президент атом энергетикасы, жасанды интеллектті енгізу және қызметтің барлық саласына цифрландыру қажет екенін атап айтты.
Елбасы Жолдауының түйіні ретінде ел азаматтарын елге адал қызмет етуге, абыройлы қызмет атқаруға, терең білім алып, талмай еңбек етуге шақырғанын еске салды.