Қарағанды облысына сапармен келген Серик Утешев бастаған Парламент Сенатының депутаттары жергілікті кәсіпорындарда АЭС салу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 19-27 қыркүйек аралығында жұмыс тобының жоспарында өңірдің еңбек ұжымдарымен және жұртшылығымен оннан астам кездесу бар. Түсіндіру жұмыстарына облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың және Теміртау қаласындағы жоғары оқу орнының өкілдері – "ҚарИУ" КеАҚ қатысады.
- АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Президент референдумға бастамашы болды, өйткені халық осындай стратегиялық мәселелерді шешуге қатысуы керек. Сондықтан тұрғындарға референдум — халық дауыс беру арқылы өз таңдауы туралы мәлімдей алатын халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру екенін жеткізу маңызды, - деп атап өтті ҚарИУректоры Бахыт Жаутиков.