12 қыркүйекте Жастар үйінде Теміртау қаласының кәсіпкерлері мен республикалық халық штабы арасында атом электр станциясын салу туралы кездесу өтті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болып, оны өткізу күнін 2024 жылғы 6 қазан деп атады. Кездесуге қатысушылар дауыс берудің заңдылығын қамтамасыз ету үшін әркім азаматтық борышын көрсетіп, өз таңдауын жасауы керек деген келісімге келді.