«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз «

11 қыркүйекте ҚарИУ-да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті превенция басқармасының аға офицері Сақтапберген Әкім Ерланұлымен студенттер кездесуі өтті. Кездесу аясында Спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданыстағы заңнаманың нормаларын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасының негізгі бағыттарын, осы жобадағы студент жастардың рөлін түсіндірді. Академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Сивякова Галина Александровна өз кезегінде университетте өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы, емтихандарды өткізу үшін ЖОО-да құрылатын жағдайлар туралы ашық және адал түрде хабардар етті. Университеттің Комплаенс-офицері Салпенова Мадина Мейрамовна жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған "Саналы ұрпақ" студенттік клубының қызметі туралы айтып берді.