СТУДЕНТ ЖАСТАРЫ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

12 қыркүйекте Жастар үйінде Қоғамдық пікір көшбасшысы Руслан Мауленович Кожекеновтың Қарағанды индустриялық университеті мен Теміртау қаласындағы колледждерінің студенттерімен кездесуі өтті. АЭС құрылысы туралы референдум қарсаңында студенттер атом энергетикасына қатысты өздерін толғандыратын барлық сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Кездесу қорытындысы бойынша жастар Қазақстанда атом станциясын салу идеясын толық қолдайтынын мәлімдеді.