16 қыркүйекте Тюмен қаласында TNF 2024 өнеркәсіптік-энергетикалық форумы басталды. Бұл форум – энергетика саласындағы маңызды оқиға және отын-энергетика кешенін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған ең үлкен алаң. Биылғы жылдың басты тақырыбы – «Технологиялық тұрақтылық: даму стратегиясы». Форум жыл сайын өнеркәсіпшілерді, жер қойнауын пайдаланушыларды, құрылысшыларды, мемлекеттік қызметкерлерді және сарапшылар қауымдастығын біріктіреді.
Форумға үш күн ішінде Ресейдің 60 астам аймағынан келген делегациялар, сондай-ақ Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Египет, Кувейт және Сауд Арабиясының өкілдері - барлығы 800 астам компания мен 12 мыңнан астам адам қатысты. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов басқарды. Делегация құрамында «Қазмұнайгаз» компаниясының, «Kazservice» Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағының және қазақстандық техникалық университеттердің, соның ішінде «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ өкілдері де бар.
Қазақстандық делегацияны ресми қабылдау барысында Тюмен облысының губернаторы Александр Моор отын-энергетика кешенін дамыту үшін ынтымақтастық пен ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңа серіктестер қажет екенін атап өтті. Осыған орай, Форум қатысушылары үшін қызықты бағдарлама дайындалды, оның аясында жүзден астам іс-шаралар өткізіледі: сессиялар, мұнай-газ саласындағы технологиялар мен процестердің жекелеген бағыттары бойынша дөңгелек үстелдер. Форум барысында 4 мың шаршы метрден астам аумақта TNF Expo көрмесі ашылды, оған ірі мұнай-газ корпорациялары, технология, IT және қаржы компаниялары қатысады.
Форумда сонымен қатар ғылым мен жоғары білімді дамытудың жаңа бағыттарын ескере отырып, техникалық университеттер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді үлгілері талқыланды. Осыған байланысты Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ ректоры Бахыт Ахатович Жаутиков және «Тюмен индустриялық университеті» ЖО ФМАБМ ректоры Юрий Сергеевич Клочков екі университеттің арасындағы ынтымақтастық туралы жаңартылған меморандумға қол қойды. Құжатта оқу жоспарларымен алмасу, бірлескен академиялық алмасу және ұтқырлық бағдарламаларын әзірлеу, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыруға көмек көрсету және т.б. қарастырылған.
«Бүгінде бізге озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді жүзеге асыруға дайын жаңа мамандар қажет», - дейді «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ ректоры Бахыт Ахатович Жаутиков. – Сонымен қатар, форум отын-энергетика секторының технологиялық тұрақтылығы мәселелерін қарастырады, оған қол жеткізу үшін халықаралық серіктестік маңызды рөл атқарады. Форумға қатысу бізге компаниялар, университеттер және ғылым мен технологиялық дамуға жауапты мемлекеттік органдар арасында да іскерлік байланыс орнатуға көмектеседі».
Бірлескен зерттеулер саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде Тюменде құрылатын әлемдік деңгейдегі университетаралық кампус шеңберінде қажет. Ол халықаралық байланыстар мен кәсіпорындармен терең өзара іс-қимылды дамыту алаңына айналады.








